Тараз қаласында канал суының тасу қаупі туындады. Бұл туралы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, облыс орталығындағы Сеңкібай көшесінің 2-ші бұрылысынан өтетін «Қапал» каналының суы арнасынан тасуға шақ тұрғаны туралы хабар түскен. Аталған жайтқа температураның төмендеуі және каналдың ластануы себеп болған. Осылайша, бетін мұз жапқан каналдың суы кемеріне жетіп, маңайындағы үйлерге өту жағдайына…