
Танымал журналист Әділбек Қаба ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әділбек Күнесханұлы Қаба 1963 жылы 14 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Сарыбастау ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1980 жылы тамамдап, еңбек жолын аталған ауданның Ленин ұжымшарында бастаған. КазГУ-дің журналистика факультетін бітіргеннен соң «Арай-Заря» журналында тілші болды. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің…