
Бұл түні талай-талай үріп ауызға салғандай әлі шіп-шикі қыздарымыз бен ұлдарымыз төсектес болып жататынын да жасыруға болмайды. Жоғарыдағы «европизированный», «глобализованный», «цивилизованный боламыз» деп ұрандатып жүретін «горлопан», бержақтағы соларға ерген итаршы «крикундарды» қойшы, сол қыздар мен ұлдардың ата-аналары қайда қарап отыр десейші. Әлде 26 жыл ішінде бүкіл қазақ ұлтсыздандыру саясатының құрбанына айналды ма?