
Тараз қаласында орналасқан «Жеңіс саябағында» «Жауынгерлік даңқ аллеясы» мемориалды композициясы пайда болады. Сондай-ақ, Ұлы Отан және ауған соғысы мен тыл ардагерлеріне арналған музей бой көтеріп, қаланың әр жерінде тұрған «Мәңгілік алау» мен Б.Момышұлы ескерткіші аталған саябақ аумағына көшіріледі. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен қалалық кеңестің кезекті басқосуында айтылды.
Таяу арада аумағы 15 гектар болатын саябақтың кейпі адам танымастай өзгеретін…