
— Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы жария еткен бес әлеуметтік бастаманың ішіндегі үшінші бастама жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға бағытталған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделуі мен жетістікке жетуі жолында алға қойылған міндеттерді айқындаған биылғы Жолдауында да жаңғыру негізі — адами капитал екенін атап өткен еді.