Елімізге белгілі футбол маманы Қанат Мұсатаев бүгіннен бастап “Тараз” футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.
Ол Шымкент футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде ұзақ жылдар “Ордабасы”, “Тараз”, “Ертіс”, “Қайсар”, “Шахтер” командаларының намысын қорғаған. Ұлттық құрама сапында да өнер көрсетіп, Қазақстанның ең таңдаулы ойыншыларының қатарына кірді.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін “Ордабасы”, “Шахтер” және “Тарлан” футбол клубтарында еңбек етті. 2012 жылдың ақпан айынан…