
Жамбылдық оқушылар ғылыми жобалар жарысында биыл да үздік шықты. Өңір жеткіншектері республикалық байқауда алты жыл қатарынан командалық бірінші орынды иеленіп отыр. Бұл жолы жасөспірімдер бүгінгі күнгі ең өзекті тақырыптар бойынша жұмыс істеді. Аймақтан 57 оқушы қатысып, басым көпшілігі жүлделі оралды.
Баламалы энергия көздерінен қуат алатын дербес үйшікті Нұртілеу мен Егор жасап шыққан. Жобаның ерекшелігі көп. Шағын үлгідегі үй күн мен желден энергия алумен шектелмейді. Олар үйдің бір…