
«Біз суды тасып ішеміз. Жол арасы 60 шақырым. Қыста мұз қатқанда жолды қысқарту үшін Балқаш көлінің үстімен жүреміз. Ол жермен жүрсек 13 шақырым. Жазда суды тасымалдасақ, қыста Балқаш көліне қатқан мұзды ерітіп ішеміз. Тазасын алып, үйге апарып ерітеміз. Дәмі таза, жақсы. Содан бері міне 60 жыл өтіпті», - дейді Қарақұм ауылының тұрғыны Жолжақсы Кәкенов.