
Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» аясында биыл 101 жоба жүзеге асырылады. Оған 2,7 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл қаржының жартысынан астамы меценаттар есебінен болады.
Атамекен кіші бағдарламасы бойынша әлеуметтік салаға басымдық беріліп отыр. Тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына тұрғын үй, спорттық алаңдар, балабақша мен сауықтыру лагерлері сияқты 50-ге жуық нысан салу жоспарда бар. Айта кету керек, өткен жылы өңірде 26 жоба жүзеге асырылып, оған 120 мың адам қатысқан. Ал жоспардағы жаңа…