
"2016 жылы маусымда қарыздан құтылып, көлік сатып алу үшін, күйеуі әйеліне бүйрегін сатуды ұсынып, интернетте хабарландыру жариялайды. Қарашада оларға Астанадан бір әйел хабарласып, бүйрек үшін 4 миллион теңге төлеуге дайын екенін айтқан. Ерлі-зайыптылар келісуге шешім қабылдайды. Содан кейін қаза тапқан ер адамның әйелі Астанаға барып, бүйрегінің сәйкестігін тексереді. Бір аптадан кейін тексеру нәтижесі дайын болып, бүйрегі жарамды болып шыққан", — деп Өтебеков сот қаулысынан үзінді келтіреді.