
Тараз қаласында тиісті талаптарға мүлде сәйкес келмейтін көліктер жолаушы тасымалдап жүр. Бұл – жергілікті полиция қызметінің арнайы алдын-алу іс-шарасы барысында анықталды, деп ZhambylNews.kz хабарлайды.
Рейд кезінде жолаушыларды шамадан тыс тиеп алып, қара түтінді будақтатып, бір-бірімен жарысқан көліктердің біразы көзге түсті. Одан бөлек, кей көліктердің іші лас, тиісті қарапайым ақпараттар ілінбеген.
Тіпті, мүлде жолаушы тасымалдауға жарамсыз болса да, бағыт бойынша жүрген автобустар…