
Қазақ сатирасының сардары, жазушы, журналист Үмбетбай Уайдин 83 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Үмбетбай Уайдаұлы Уайдин 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Темірастау ауылында туған.
Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін 1965 жылы бітірген.
1954-1958 жылдары Донбастағы Красный Луч қаласында шахта құрылысшысы, 1958 жылы Шалқар ауданы газеті редакциясы жанындағы баспаханада әріп теруші…