
«Бізге көмекке жүгінетін жас аналардың 80 пайызы колледж студенттері. Ерте жүкті болған қыздардың тағдыры жақындарын алаңдатпайды. Мұндай жағдайға тап болған кейбір қыздарды ата-аналары үйлерінен қуып жіберген. Осында тұрып жатқандардың көбісі ата-аналарына «қалада оқу оқып жатырмыз» деп өтірік айтуға мәжбүр. Мұндай қадамға барған ұл-қыздарды айыптағанша, олардың қателеспеуі үшін дұрыс тәрбие беріп, келеңсіздіктің алдын алу әлдеқайда артық. Осы ретте қыздарға ананың, ал ер балаларға әкенің…