
«Мен ЭКСПО көрмесі қарсаңында табыс табамын деген мақсатпен хостел аштым. Алайда тапқаным шамалы. Төрт ай ішінде бізде бар-жоғы 200-ге жуық адам болды. Меніңше жұмыстың жүруі хостелдің орналасқан жеріне байланысты. Себебі, менің хостелім қаланың сол жағалауында болғанымен орталықтан жету қиын. Жұмыс жүрмей, пайда әкелмеген соң, оны жабуға туралы келді. Ең бастысы – соны ашуға қарызға алған ақшамды әлі күнге дейін қайтармадым», - деді Кенжеғалиева.