
«Банкпен былтыр да осындай жағдай болған. Ұлттық банк басшыларынан арнайы топ жасақталып, Үкіметтің арнаулы өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізілді. Халықаралық талаптарға сәйкес, банк өз міндеттемелерін қайта құрылымдау режиміне кірді. Алайда біз келісімге келе алдық, бұрын орналастрылған 250 миллион доллар қаржы үлестірілмейтін болды. Өткен жылдары осы банктен 40 миллион доллардан астам қаражат түсті, яғни азаматтардың зейнетақы активтері осы мөлшерге ұлғайды», - деді ҚР Қаржы министрі.