
Кентау қаласының экономикасына өткен жылы 6,5 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылса, биыл ол межені 8,3 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 6 млрд. теңге және жеке қаржылар есебінен – 2,3 млрд. теңге болмақ. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.
Өткен жылы өңірде өнеркәсіп саласында 28,1 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 107,2 пайызды…