
Қалалық қоғамдық көліктер жол құнын көтеруді өтінгенде қызмет көрсету сапасын жақсартамыз деп үнемі уәде береді. Бірақ соңғы бес жылда 30 теңгеге қымбаттап, 80 теңгеге шыққан жолдың ақысы ондағы қызмет көрсету сапасына сай емес дейді көпшілік. Ал халықты жинап, есеп берген қала әкімінің өзі автобуспен жүрмейтін сияқты. Басшы тек жағдайды жақсарту автобустарды жаңалаумен ғана шешіледі деді. Бірақ қоғамдық көліктердің қашан ауыстырылатыны туралы айтпады.