
Қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло қараша айының соңы мен желтоқсаны айының басында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Бұл туралы Vesti.kz сайтының тілшісіне Қазақстан ауыр атлетика федерациясының кеңесшісі Алексей Ни мырза айта кетті.
– Алексей Геннадьевич, ұлттық құраманың дайындығы қалай?
– Бәрі бірқалыпты. Команда маусымға дайындық үстінде. Ашхабадта өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатысатынымыз рас. Тамыз айында Азия ойындарына да қатысқымыз келеді.