
«Мұндай оқиға шынымен болды. Ол бесінші сыныпта оқиды, үздік, белсенді қыз. Оқиға үйінде анасы, әпкесі бар кезде болды. Анасы кішкентай баласын емізіп жатқан. Ал қыз өз бөлмесінде сабағын оқып отырған. Анасы үлкен қызын сіңіліңді тамақ ішуге шақырып кел деп жібереді. Әпкесі келсе, 5-сынып оқушысы қайтыс болған. Қасында қызыл шарф және ұялы телефон жатқан. Телефонда деструктивті ойын ашылып тұрған болып шықты», - деді қалалық білім басқармасының басшысы Bnews.kz басылымына берген мәлімдемесінде.