
Бүгін Мәжілістің отырысында "Нұр Отан" фракциясының депутаттары үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдап, Білім және ғылым министрлігінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды. Олар "Қазақстан географиясы" пәнінің жеке пән ретінде оқытылмауына алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.