
Ninety One тобының мүшесі «Жас Отан» Орталық кеңесі мүшелігіне үміткер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жастар ұйымының хабарлауынша, 18 қаңтардан бастап «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Орталық кеңес мүшелерінің онлайн сайлауын жариялаған. Кеңеске еліміздің барлық аймақтарынан 16 көшбасшы 4 жылға тағайындалады. Сайлауда ұсынылған үміткерлердің бірі – Дулат Мұхаметқали (ZaQ) «Ninety One» тобының мүшесі. «Ninety One» тобы – өзіндік стилімен қазақ эстрадасында резонанс…