
"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 620,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 249 км инженерлік желі жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов әкімдікте өткен І тоқсанды қорытындылаған мәжілісте айтты.