
Көктемгі дала жұмыстарына кіріскен Т. Рысқұлов ауданы биыл 500 гектар жерге қант қызылшасын орналастыруды жоспарлап отыр. Қазірге дейін дала еңбеккерлері 120 гектар жерді игеріп, тәтті түбір тұқымын сеуіп үлгерген.
Биыл Жамбылдықтар балтамырды баптауға баса мән беріп отыр. Дала еңбеккерлерінің алдына 10 мың гектардан астам жерді игеру межесі тұр. Қазір жұмыстың қызған шағы. Бұл іске Т. Рысқұлов ауданының шаруашылықтары да белсене атсалысуда. Мәселен Абай ауылдық округіне қарасты…