
Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев 1957 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында туылған. 1983 жылы Алматы темір жол транспорты институтын бітірді, мамандығы – темір жолдарды пайдалану инженері. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Шу станциясы локомотив…