
Өскеменде белгілі фотосуретші Есімхан Орынбаевты еске алуға арналған «Қас қағым сәт…» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге фототілшінің әріптестері, достары мен облыстық әкімдік өкілдері қатысты.
Аталмыш фотокөрме Есімхан Орынбаевты еске алуға арналған кештен басталды. Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында өтіп отырған кеште әріптестері мен қоғам қайраткерлері лебіздерін айтып, естеліктерімен бөлісті.
Айта кетсек, көрмеде фототілшінің алпыстан аса туындысы жұрт назарына ұсынылып отыр.