
Күншығыс елінде көктем мезгілін ерекше құрметпен қарсы алады. Мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған сакураның гүлденуін Жапонияда жалпы жұрт болып, ұлттық мереке ретінде тойлайды. Бұл мейрамды жапондықтар «Ханами» деп атайды.
Ханами – шие ағашының гүлдену кезеңі. Бұл мереке Жапониядағы ежелгі Танг империясында XII ғасырдан бері ерекше атап өтіліп келеді. Шығу тарихында түрлі аңыздар да бар.
Жапонның атақты қылқалам шебері Каноуби Цунобудың аты тарихта сакурамен байланысты сақталған.