
Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл толуына және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай,Ақтөбеде «Ән дарыған далада, шыңға айналған Астанам» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ақтөбедегі Өнер орталығының 1,2 мың орындық кең залы бұл күні көрерменге лық толды. Иін тірескен жұрт арасында еңкейген қарт та, еңбектеген сәби де болды. Жиналғандар алдына алдымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шығып, сөз сөйледі. —Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аттыбағдарламалық…