
«Әрбір аулаға, әрбір подъездге сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін видеокамера қоямыз. Осы жерде де халыққа қызмет көрсету орталығы болады. Бір сөзбен айтқанда ауданға барлық жағдай жасалады. «Нұр Ақтөбе» ауданынан көптеген арыз-шағым аламыз», — деді әкім.