
Биыл Қостанайдағы облыстық балалар үйі жабылады. Жергілікті басшылық осындай шешім қабылдап отыр. Себебі мекемелердегі тәрбиеленушілер саны жыл сайын азайып келеді. Соңғы бес жылда 366 бүлдіршінді патронат отбасылар асырап алса, 800-ге тарта бала өз ата-анасымен қауышқан. Марат пен Алена – екі баланың ата-анасы.
Шаңырақтың шаттығы сәбидің күлкісінде деп есептейтін мейірімді жандар биыл қатарынан төрт бала асырап алуға шешім қабылдады. Құжат әзірлеуге көп уақыт кеткен жоқ. Аңсаған тілек…